Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

“AMANAT” партиясы жастар қанатының кезектен тыс 6-съезі басталды

AstanaTV
11.07.2022ж. 20:00
1276
“AMANAT” партиясы жастар қанатының кезектен тыс 6-съезі басталды

Елімізде “AMANAT” партиясы жастар қанатының кезектен тыс 6 съезі басталды. Оған  аймақтардан келген 350-ден астам делегат қатысуда. Съездің ашылу салтанаты әдеттегіден өзгеше өтті.  Жастар табиғат аясында, еркін форматта бас қосты.   Шараның басты мақсаты Жаңа Қазақстандағы жастардың рөлін айқындау,- дейді  ұйымдастырушылар.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл -біз үшін тарихи маңызды шара.Себебі, жалпы қазіргі кезде Жаңа Қазақстан форматында партиямыздың трансформациясының аясында жастар қанатында жаңа жұмысқа, жаңа үрдіске, жаңа стильге бейімделу мақсатында өткізіліп жатқан шара.
 
Зерендіге жиналған зейінді жастар  бүгін “Әділетті Қазақстан”, “Жалпыға ортақ қоғам”   тақырыптарын талқылап, пікір алмасып, ой бөлісуде. Ортақ идеялар ұсынып, жастар қанатының жалпыға ортақ міндеттерін айқындап жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенділер  "мұндай басқосу- біз үшін  үлкен тәжірибе"дейді.
 
Гауһар БАҚЫТЖАНОВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұнда тек қана біздер емес барлық өңірден жаңадан ашылған аймақтардан жастар келіп отыр.Солармен тәжірибе алмасып, өзіміздің өңірде дамытып, оларға да бір септігіміз тиіп, Жаңа Қазақстанды құрамыз бірге құрамыз деген сенімдемін.

Б. Сатуов