Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«AMANAT» партиясының жастар қанаты

AstanaTV
11.07.2022ж. 20:00
939
«AMANAT» партиясының жастар қанаты

«AMANAT» партиясының жастар қанатының тарихына тоқталсақ. Ол Елордада қоғамдық бірлестік ретінде 2000 жылы құрылған болатын. Бүгінде, барлық облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында филиалдары бар. Ұйым көптеген  жас өреннің өмір жолын дамытуға және анықтауға көмектесті. Осы уақыт аралығында жастар қанатында, табысты қоғам және саяси қайраткерлердің тұтас бір легі тәрбиеленді. 2008  жылы 14 мамырда жастар қанатының ең алғашқы съезі өтті. Негізінен жастардың проблемаларын жан-жақты көтеріп жүр. Бүгінде қалалық және аудандық бөлімшелері де бар. Сондай-ақ, 230 мекеме мен 96 Жоғарғы оқу орындарында да ашылған. Жалпы Орталық Кеңсеге: Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді.

А. Шамшидин