11
қыркүйек күні Астана маңындағы Қабанбай ауылында «Алтын
Тұлпар»
республикалық ат жарысы өтеді. Шараға әдеттегідей «Нұр Отан» партиясы және
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры
қолдау көрсетіп, демеушілік етеді. Биыл
үшінші рет өтетін бәйге Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр.
Бұл туралы ұлттық спорт түрлері
қауымдастығының өкілдері мәлімдеді.
Жарыстың
жалпы жолы 51 шақырымды құрайды. Яғни сәйгүліктер ұзындығы 12,5 шақырымды
құрайтын үлкен шеңберді 4 рет айналып шабады. Әрбір 2 шақырымнан соң, бақылау
бекеттері орнатылмақ. Сондай-ақ, шара аясында «Ат сыншысы» байқауы да
ұйымдастырылады. Шын жүйрікті жазбай таныған сыншыларға «Толыбай сыншы»,
«Күреңбай сыншы», «Шоқай сыншы» және «Киікбай сыншы» атындағы арнайы жүлделер
бар.
Жарыс өтетін жерге Елорадан қоғамдық көліктер қатынайды. Бәйге барысында
көрермендер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық тағам түрлерінен
фестиваль да өтеді. Айта өтейік, Аламан жарысқа еліміздің 14 өңірі мен Астана
және Алматы қалаларынан сәйгүліктер тегіс қатыстырылмақ. Биылғы жүлде қоры 22
миллион теңгені құрап отыр. «Және ол дәстүрлі түрде алғашқы үш жеңімпазға ғана
үлестірілмейді», - дейді ұйымдастырушылар.
Бекболат
Тілеухан, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:
Ат
көп қой. Былтыр 100-ден астам ат келді. Әдеттегі бәйгедегідей 3 атқа ғана
берсек, қалғандарына обал деп ойлаймын. Сондықтан бәйге алушылар 9 атқа шейін
болады. Ең соңғы 10 ат өзінің қосқан
жарнасының негізінде үлесін алады.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА