$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Балмұздақ шығаратын кәсіпорынның шайынды суы өзенге құйылып жатқаны рас па?

AstanaTV
13.07.2022ж. 20:00
2134
Балмұздақ шығаратын кәсіпорынның шайынды суы өзенге құйылып жатқаны рас па?

Балмұздақ тәтті болғанымен,  иісі жаман. Түркістан облысындағы балмұздақ шығаратын цехтың маңайында тұратын халық сасық иістен тыныс ала алмай отырмыз дейді. Олардың айтуынша, кәсіпорыннан шыққан шайынды су Бадам өзеніне құйылып жатыр. Қолдарында оған дәлел ретінде түсірген видео бар.  Ал  балмұздақ шығарушылар мұны  жоққа шығарады. Тараптарды тілшіміз Айзада Төребекқызы тыңдады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Балмұздақ шығаратын цех пен Бадам өзенінің арасы шамамен 350-400 метрдей ғана болады. Мына құбыр сол жақтан тікелей жер астымен тартылған. Қазір көріп тұрғанымдай, шылжырап қана ағып жатыр. Бірақ тұрғындар күндіз-  түні сарылдап жататын лас судың бүгін ғана сап тиылғанын айтады.

 
Мұны тұрғындар сөздеріне дәлел ретінде өздері түсіріп алған көрінеді. Жылда болатын жағдай дейді.  
 
Меруерт ЖҰМАЕВА, ТАҒАЙНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күні-түні ағады, күні –түні. Сағат екіде келсең екіде, мысалы біз өткенде келдік, көрейікші өзі қай жерден кеп жатыр осы сасық су деп келгеніміз де сағат төрт жарым кезінде ма түсқайта келген кезімізде беймарал ағып жатыр кәдімгідей, мотормен тұрып ағып жатыр. Мен соған өзім куәмін.
 
Бадам өзені Төлеби ауданынан бөлек Түркістан облысының бірнеше ауданы арқылы ағып өтеді. Ал ол суға жұрт малы мен егінін суарады.   Балалар шомылады.   
 
Мафтуна ОМАРҒАЛИЕВА, ТАҒАЙНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балаларымыз шомыла алмайды. Аллергия тасады химикаттан. Іші ауырады. Мен өзім кішкентай балам өткенде шомылдырғаннан кейін іші ауырып, құсып жатыр қазір.
 
Бірақ, серіктестік басшылығы мұның бәрін жоққа шығарып отыр.    Қалдық суды онда төккен емеспіз дейді.  Шайындыны арнайы ыдыста сақтап, көлікпен сыртқа шығаратындарын айтады.

Ералы АШРАПОВ, «БАЛМҰЗДАҚ» ЖШС ЗАҢГЕРІ:

Бұл труба біздің қойған труба емес бұл. Бұрынғы заман союз кезінен келе жатқан жатқан труба бұл. Өткендегі ағып жатқан әппақ суды молоковоздар алып шыққанда лотокқа құйып кеткен. Шайғанда өздерінің молоковозын шайып машинасын сол лотокқа құйып жібергенда. Негізі одан иіс шықпайды. Сүт қой. Сүттің жуылғаны сол.

Бұған қатысты арнайы комиссия құрылған.  Қалдық судың төгілуіне байланысты серіктестікке 310 АЕК көлемінде, яғни 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.  Енді жасырын жүргізілген құбырды алып тастау жағы қарастырылып жатыр.   

Ханай ӘШІРБАЕВ, БІРІНШІ МАМЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Аудандық мәслихаттың шешімімен құрылған өкімге сәйкес алынады деп  яғни жою туралы айтылған. Егер ол жойылмаған жағдайда жұмысшы топ ары қарап қоғамдық мәселеге бұны салып, қосымша қайтадан заңменен ары қарап істелмегенде не болатыны туралы өздері шешім қабылдайтын шығар. Қазіргі сөзге сенсек, мекеме басшылары құбырды аламыз деп уәдесін айтып отыр.   
 
Балмұздақ шығарушылар мұны біреулердің ұйымдастырғаны деп отыр. Олар салынған айыппұл да негізсіз деп санайды.   Ал тұрғындар құбыр алынбайынша,тынбаймыз дейді.
 
А. Төребекқызы