$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Елде бензин қымбаттады

AstanaTV
15.07.2022ж. 20:00
1931
Елде бензин қымбаттады

Бүгін ел бойынша бинзин бағасы өсті. Халық сұранысына ие - Аи-92-нің литрі 182 теңге, ал кей өңірлерде 187-ден сауданалып жатыр. Дизель отыны сол күйінде қалды. Энергетика министрлігі алдағы 6 айға шекті бағаны бекітіп берді. Жауаптылар құбылған нарықты осылай реттемекші. Ал, АҚШ доллары 478 теңгеге жетті. Теңгенің құнсыздануы тоқтай ма? Сарапшылардың пайымы қандай? Мемлекет жанармайдың бағасын қашанға дейін ұстай алады? Сауалдарға әріптесім жауап іздеп көрді.

Бас қаладағы жанар май құю бекеттері таңмен таласа бағаларын өзгертіп үлгерген. Аи-92 -182 теңге, ал Аи-95-ті - 212 теңгеден сатып жатыр. Логистикалық шығындарға байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 бензинінің шекті бағасы 187 теңге деп белгіленген. Үкімет бағаны қашанға дейін осылай ұстай алады? Бұл сауалды сарапшыларға қойған- ек. Төмен баға жалғаса берсе жанар-жағармайдан тапшылық көруміз мүмкін дейді. Үкімет бағаны бақылаудан шығарса,  қуырдақтың көкесі бола ма деген қорқыныштарын да жасырмайды.

Олжас БАЙГЕЛДИНОВ, САРАПШЫ:


Әрине бағаны ұстап тұру маңызды. Алайда төмен баға, сыртқы елдердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Сондықтан тапшылық туындауы мүмкін. Бірақ Президенттің бұл бағытта берген тапсырмалары сөзсіз орындайтын болса, мұндай мәселе болмайды деп ойлаймын.


Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Негізінде нарықтық экономикада қолдан олай ұстап тұруға болмайды. Егер оны қайта-қайта ұзарта берсе ол алдағы уақытқа қойылған мина болуы мүмкін да. Ол жарылады.

Доллардың да бағасы көтерілді. Соңғы рет рекордтық көрсеткіш мамыр айының орта тұсында болған еді. Шетел валютасы бірден 500 теңге бірақ шықты. Артынша Ұлттық банк интервенция жасап, сәл болса да түсірді. Алайда, бұл да шешім болмай тұр. Экономист Мақсат Халық теңгенің құнсыздануына қатысы нақты факторларды атады.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Американың федеральді резервтер жүйесі яғни орталық банкі доллардың кілттік пайыздық мөлшерлемесін көтеріп келе жатыр. Ақырын-ақырын, бірте-бірте негізі наурыз айында бастаған, бірақ маусым айында 0,75 пайыздық базалық пунктіге бірден көтерді. Яғни қазір 1,75 болып тұр. Енді осы шілде айында тағы да 0,75 пунктіге өсіреді деп тұр.

Одан бөлек жазғы демалыста шетел валютасына деген сұраныстың артуы да бағаға әсер еткен. Мамандар доллар бағамы мұнымен тоқтамайтынын айтты.

Б. Сатуов