Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді бірлесіп орындауға күш салу маңызды. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы барша кәсіпкерлерді бұл жұмыста жұдырықтай жұмылуға шақырды. Ауыл шаруашылығы жағдайының жағдайы мәз емес. Азық-түлік, күнделікті халық тұтынатын ең қажетті тауарлардың барлығының бағасы аспандап тұр. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөзден іске көшетін уақыт келгенін ескертті. Осы ретте, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы фермерлер үшін арнайы салалық бағдарламалар әзірлеп жатыр. Мамандар бір ауыздан азық-түлік қауіпсіздігі бірінші міндет екендігін айтуда.
Жигули ДАЙРАБАЕВ, АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінде ауыл шаруашылық жағдайының қиын екені рас. Өйткені біз ауыл шаруашылығына түбегейлі бетбұрыс жасамайтын болсақ, бұдан да жағдай қиын болады. Мәселен, бір қанттың өзін алайық. Қазір жұмыс істеп тұрған Алматы мен Жамбыл облысындағы қант зауыттары бар күшін салып жұмыс жасамайды. 12 айдың 1-2 айы жұмыс істейді, қалған уақытта тұрады. Ол жерде қанша жұмыс күші бар.
Жиында ауыл шаруашылығы техникасына салынатын утиль алымы да сөз болды. Отандық ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мақсатында өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы қаражаты есебінен жеңілдетілген несие беру басталмақшы. Айта кетейік бүгінде фермерлер, техника сатып алғанда 7 млн теңгеге дейін утиль алымын төлейді. Бұған 12 пайыз қосымша құн салығын қосыңыз. Жауаптылар, дәл осы утиль алымын алып тастау, біраз қирауға шақ қалған темір-терсек техниканың алмасуына сеп болар еді дейді.
А. Шамшидин