Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Миллиардтаған қаржы елге қайтарылды: Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаев ісі

AstanaTV
18.07.2022ж. 20:00
1352
Миллиардтаған қаржы елге қайтарылды: Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаев ісі

Қазақстаннан заңсыз шығарылған миллиардтаған қаражат елге қайтарылды. Бас прокуратура Қайрат Сатыбалды мен Гүлмира Сатыбалды, Қайрат Боранбаев пен "оператор РОП" ісіне қатысты жаңа мәліметтер жариялады. Қазіргі уақытта мемлекет балансына қайтарылған активтердің сомасы шамамен- 230 миллиард теңге.Оның бір бөлігі шетелде болған. Айыпталушылар Люксембургтен 170 миллион АҚШ долларынан астам қаражатты өз еркімен қайтарған.

Тергеп-тексеру органы «Қазақтелеком» АҚ, «Көліктік сервис орталығы» АҚ және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 млрд теңгені өтетті. Сондай-ақ, ӨКМ Операторы ісі бойынша шамамен 180 млрд теңгені жымқыру әрекетінің жолы кесілді.

ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ:

Бұдан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерінің ісі бойынша Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен шамамен 3 миллион доллар қайтарылды. Қаржылық мониторинг агенттігі, Боранбаевқа қатысты істі тергеп-тексеру барысында «Қазмұнайға» 11,3 млрд теңге қайтарылғанын мәлімдеді.

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты істе 5,5 миллион доллар және 200 мың еуроны Ұлттық Банкке аудару процесі жүріп жатыр. Мемлекет пайдасына 4 ұшақ, 5 жер учаскесі, 15 автокөлік және Алматы қаласынан 30 жылжымайтын мүлік тәркіленген. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия сондай-ақ, Алматыдағы ірі көтерме сауда базары мен «Қазақстан» шипажайы мемлекетке қайтарылуы мүмкін екенін айтты.

Б. Сатуов