Ауыл шаруашылықты қаржыландыру
біршама жұмыс орынын сақтауға мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе, несие
серіктестерінің арқасында соңғы 3 жылда тұрақты еңбекпен қамтылғандар саны 83,7
пайызға артқан. Ол - 44 жарым мың адам.
Бүгін Ауыл шаруашылығы
министрлігінде өткен брифингте «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы
өкілдері осындай ақпармен бөлісті. Есепке қарағанда, несие серіктестерінің
қатыры биыл 12 мыңнан асып, 176 бірлестік құрыпты. Шартқа сәйкес, несие серіктестеріне
4-9 пайыз аралығында 9 жылға дейін қарыз беріледі. Дербес кредиттік лимитпен
биыл 29,3 млрд теңге бөлінсе, соның 7,7 млрд-ды жарты жылдықта үлестірілген
қаржы. Қазір «Аграрлық несие корпорациясы» егін және мал шаруашылығыдағы
«Сыбаға», «Алтын астық», «Құлын» сынды фермерлерді қолдау бағдарламасын
жетілдіріп отыр.
Нұржан Сейсенбаев, «Аграрлық
несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
Кредиттік серіктестердің
портфелі бүгінгі таңда 67 млрд теңгені құрайды. Олардың, орысша айтсақ,
просрочкасы 6 пайызды ғана құрайды. Ол 6 пайыз мүлдем қайтарылмайды деп
ойламаймыз. Өйткені корпорация тарапынан көмекпен және кредиторлар да өздері қайтарудың
әрекетін жасайды.
Құралай ПИОНЕР