Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Прокурордың әйелі» жанжал шығарды

AstanaTV
20.07.2022ж. 20:00
1871
«Прокурордың әйелі» жанжал шығарды

Әлеуметтік желіде бір әйел мен күзетшінің жанжалдасқан видеосы тарады. Бейне жазбада күзетші мекемеге кірген кісіге көлікті дұрыс қоймағанын айттым деп шырылдайды. Бірақ әйел оған айқайлап, балағаттап жатыр.  Күйеуім «прокурор» деп, ол мұны жай қалдырмайтынын айтып, күшеюде.  Бейнежазба тараған бойда пікір білдірушілер бұл Қызылорда облысында түсірілген деді.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Бұл шындыққа жанаспайды. Облыс прокуроры әйелінің аты-жөні - Бижанова Татьяна Анатольевна. Ұлты -орыс. Ал видеодағы мүлде басқа әйел.

Шу шығарған әйелдің кім екенін Шымкент Полиция департаменті  анықтады.  Себебі, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына "Күзет" қызметкерінен  арыз түскен.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады. Ол - 1984 жылы туған жергілікті тұрғын. Бұрын Д. есімді азаматқа тұрмысқа шыққан, ал ол прокуратура қызметкері емес. Қазір әйел ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды.

Полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартпақ.

Т. Әлжанов