Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Жастар үшін жаңа жобалар жүзеге асырылады",-Н.Жетпісбаев

AstanaTV
20.07.2022ж. 20:00
1345
"Жастар үшін жаңа жобалар жүзеге асырылады",-Н.Жетпісбаев

Жастар үшін жаңа жобалар жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев айтты. Ол брифингте жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінің қорытындысын баяндап, жастарды қайта жаңғыртуға бағытталатын   жаңа жобаларды таныстырды. Оның айтуынша, жастар қанатын трансформациялаудың негізгі басымдықтары – патриотизмді, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру және жастардың білім жолындағы әлеуетін арттыру.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Жастар қанатының трансфармациясын жалпы жаңару өзгерту жұмысын басқа өзекті арнаға бағыттау мақсатында жаңа жобалар қостық.Соның біреуі "Qaisar" әскери-патриоттық жобасы болды. Сол жобаны әрі қарай іске асыруды ұсынған болатын. Оған және де қосымша "Сарбаз болғым келеді" ашық есік күнін мемлекетеміздің барлық аудан қалаларында өткізуді ұсынды.

Ал Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев жас ұрпақтың рухын айқындайтын моральдық-этикалық нормаларға  тоқталды. Ол бұл жолда әділеттілік пен адал еңбектің маңызды екенін атап өтті.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ең ірі әлеуметтік топ қазіргі таңда 35 жасқа дейінгі 6 милионнан астам азаматты құрайтын ол -жастар. Яғни Жаңа Қазақстанды оның ішінде Әділетті Қазақстанды ең бірінші күтуші бұл- жас азаматтар.Сол себептен осы жастарымыз үшін адал еңбектің бағалануы, яғни еңбекпен жетістікке жету аса маңызды деп есептеймін.

Б. Сатуов