Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті Мекке қаласында ұмра жасады

AstanaTV
25.07.2022ж. 20:00
1701
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті Мекке қаласында ұмра жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті Мекке қаласында ұмра  жасады. Қазақстан Президенті құрметке ие болды - ол ерекше жағдайларда есігі мәртебелі қонақтар үшін ашылатын Қағбаның ішіне кірді.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара тауар айналымы жыл сайын 8-9 миллион доллар шамасында. Биыл бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмен. Сапардың түпкі мақсаты -серіктестікке серпін беру.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Saudi Vision-2030» бағдарламасы мен біздің «Қазақстан-2050» стратегиясы экономиканы әртараптандыру, шикізатқа тәуелділікті төмендету, адами капиталға инвестиция салу, түптеп келгенде, жоғары дамыған елдердің қатарына кіру арқылы ұлттық дамуға қол жеткізуді көздейді.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Сауд Арабиясының қолдауымен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және инфрақұрылым салаларында құны 120 миллион доллардан асатын бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылғанын жеткізді. Сондай-ақ, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы   салаларында құны шамамен жылына 400 миллион доллар болатын шикізат тауарларының 100-ден астам түрін ұсына алатынын айтты.  Еліміз қазбаға бай.  Сондықтан Транскаспий бағдарын әртараптандыруды және кеңейтуді екінші маңызды бағыт ретінде атап өтті.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстанның Сауд Арабиясымен арадағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бейілді екенін растағым келеді. Бүгін осында бүкіл әлемде айтарлықтай табыстарға қол жеткізген Сауд Арабиясының ірі компанияларының басшылары қатысып отыр. Мен бәріңізді өзара тиімді негізде Қазақстанда бірлесе жұмыс істеуге шақырамын.

Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар іскерлік кездесу өткізді. Қазақ-араб қатынасына қарқын беретін спорт, ақпарат, ауылшаруашылық, сауда, экономика секілді салалар бойынша келісімдерге қол қойылды.

Т. Әлжанов