Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астананың ортасында ірі апат орын алды

AstanaTV
13.07.2016ж. 20:00
2505
Астананың ортасында ірі апат орын алды

Бүгін Астананың қақ ортасында ірі жол көлік апаты болды. Республика даңғылы, Самал шағын ауданында сағат үштер шамасында Nissan, Toyota, Hyundai және Nissan Almera автокөліктері соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердің бірі жолдан шығып, сол маңдағы ғимараттың кіреберісін қиратқан.

Алдын ала мәлімет бойынша,Hyundai көлігін тізгіндеген жүргізуші жарақат алған. «Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қазір сыртқы бақылау камераларындағы бейнетаспалар қаралып жатқанын айтты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ