Атырауда жалдамалы пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Атырау облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті тұрғыннан қоңырау түскен. Ол қызының пәтер есігін ашпағанын айтқан. Осыған байланысты жедел кезекші жасақ шақыртылып, пәтерге кіргенде ер адам мен әйел өлі күйде жатқан. Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, өлімнің себебі анықталуда. Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар бұл пәтерді бір ай бұрын жалға алған. Ресми ақпаратқа сүйенсек, марқұмдардың артында 4 перзенті қалды.
Б. Сатуов