Қызылорданың қалалық жағажайында 16 жастағы жасөспірім суға кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар жеткіншектің денесін сол маңнан тапқан.
Елімізде жыл басынан бері 170 адам судан ажал құшты. Оның 57 -сі бала.
Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:
Балалар өліміне әкеп соғатын факторлардың ішінде суға бату 2 орында. Өкінішке орай бұл ДДС ұйымымен дәлелденген қорқынышты факт.
Биыл төтеншеліктер 192 адамды, оның ішінде 56 баланы құтқарды. 35 адам жүзе алмаудан, 56 адам өз күштерін жете бағаламаудан суға кеткен.
СУДАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ (ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ):
192 АДАМ
52 БАЛА
СУҒА КЕТУДІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ (ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ):
ЖҮЗЕ АЛМАУДАН – 35 АДАМ;
ӨЗ КҮШТЕРІН ЖЕТЕ БАҒАЛАМАУДАН – 56 АДАМ
Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:
Су- өмір нәрі, тіршілік бастауы. Адам ағзасының 65% судан тұрады. Бізге өмір беретін әрі одан айыра алады. Күтпеген жерде кез келген адамды тұңғиыққа алып кетуі мүмкін.
Елордада 21 учаскеде шомылуға тыйым салынған. Суға түсуге рұқсат берілген үш қана орын бар. Алайда олар- ақылы.
БЛИЦ:
- Енді арғы жақ пляжда билетпен ғой 500 тг. Ал былай бесплатно жағажайлар жоқ та шомылатын жер. Сондықтан осында кеп шомыламыз.
- Біз шомылып жатқанда келеді шығыңдар, түсуге болмайды дейді. Қазір 1-2 рет шомылайық сосын шығамыз дейміз.
- Жыл басынан бері бас қалада қараусыз қалған 4 бала суға кетті. Ал ересектердің жөні мүлде бөлек. Алкогольдің жалынын өзеннің салқын суымен басқысы келеді, соңы өкініш.
Азамат ЖҰМЕКЕШОВ, НҰР-СҰЛТАН қ.ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:
Салқынға суға түскеннен кейін өздерінің судорог дейді ғой аяғының тартылуына байланысты. Тақтайшалар орнатылған болатын. Ол бойынша адамдарымыз оны алып тастайды немесе сындырып тастайды.
Құтқарушылар қауіпті жерлердің шекарасын шегелеп қойған. Бірақ, ақпараттық белгілерді жұрт ескерер емес дейді. Сондай-ақ қайғылы жағдайды болдырмас үшін, балаларға абай болуды ескертеді.
К. Мерей