Көппәтерлі тұрғын үйлер басқарудың жаңа әдісіне көшіп жатыр. Пәтер иелері кооперативтерінің орнына мүліктік меншік иелерінің бірлестігі құрылуда.
Татьяна ГЕНАДИЕВНА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Пәтер иелері кооперативі мен мүлік иелерінің бірлестіктері аралығында аса бір айырмашылық жоқ. Тұрғын ретінде айтарым осыған дейін тұрып жатқан жерімде 2 рет кооперативтік жүйе болды. Істеген істері өнімсіз, ал содан соң бірлестік қолына алған соң оңала бастады.
Мүлік иелері бірлестігі тиімді жұмыс істесе, тұрғын үй шаруашылығы саласында қордаланып қалған біраз күрмеулі мәселе шешімін табады. Әр тұрғын ортақ мүлікке жанашырлықпен қарайды. Мұның пәтер иелері кооперативінен айырмашылығы сол.
Мөлдір ҚҰЛТАНБАЕВА, МИБ ТӨРАҒАСЫ:
КСК бұған дейін как предприниматель болып мораторийға кіріп кетті. Ешқандай тексеріс, ешқандай орган тексере алмады. Заң бойынша ай сайын отчет болу керек. Ай сайын қанша төлеп отырмыз, қайда кетіп жатыр, қандай жұмыс атқарылып жатыр. Ешқандай отчет бізде болған жоқ. Ең бірінші айырмашылық- ол тазалық. Оси деген бұл заңды тұлға. Біз де заңға бағынамыз.
Бұл жұмыстар "бір үй – бір бірлестік – бір есепшот" қағидасы негізінде жүргізіледі.
Қызғалдақ МЕДЕТОВА, ҚР ИИДМ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Кооперативтерде бір шотта бір бірлестікте бірнеше үйді қамтыған,20-25 үйге дейін қамтылып кеткен. Шоттарға азаматтардың қаражаты жиналған кезде, қаражат қайда кетіп жатыр. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар бақылауға алынбай көптеген азаматтардан шағым түсіп жатты. Қазіргі таңда мына мүліктік меншік иелерінің бірлестігі құрылғаннан бері. Және заңға енгізілгеннен бері, көп азаматтардың үйінде біраз шаруа біткен. Яғни бір үйде бір шот ашылған. Сол шотқа бір үйдің тұрғындары ғана жиналады.
Бұған дейін үйдің күтіміне ай сайын төлеген ақшаның қайда кеткенін білмей қалатын тұрғындар енді ол қаражаттың әр тиынына дейін, не мақсатқа жұмсалып жатқанын көріп-біліп отырады.Қазір Елордадағы көпқабатты үйлердің 90 процентінде мүліктік меншік иелерінің бірлестігі құрылған.
Ә. Дүкембаева