Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ауыл жастары үшін 300-ден астам жұмыс орны ашылды

AstanaTV
28.07.2022ж. 20:00
1179
Ауыл жастары үшін 300-ден астам жұмыс орны ашылды

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы биыл ауыл жастары үшін үш жүзден астам жұмыс орнын ашты.  Облыста 49 этномәдени орталық бар. Оның әрқайсысында түрлі қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді. Соның бірі-сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің ұйымы.  

Гүлбара НҰРҚАНОВА, ШЕБЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қазақстанның картасын көріп тұрсыздар, бұл жерде әртүрлі техника қолданылған таза жүннен басылған. Моншақтармен кестеленген. Тоқыма өнері де бар бұл жерде, кесте өнері де бар, осылай біздің шеберлеріміз қолынан шығарған Қазақстанның картасын сыйлыққа тарттық.

Ассамблеяның басқа   өкілдері де өз жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Облыс бойынша 1047 аналар кеңесі құрылған. Ұйым  ел игілігі үшін түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді.  

Айнагүл ЖАЗИЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:


Биылғы жылы жүзеге асырылып жатқан, 5 жоба бар. Осы жобаларды атап өтетін болсақ: Мұрагерлер, жасаушылар, сақтаушылар жобасы. Одан кейін ертегілер жолы, Қазақстан халқының мәдениеті жобасы іске асырылып жатыр.

«Ассамблея жастары»   өкілдігі  80-нен астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізген. Онда 1500-ден астам адам қамтылған.   Сондай-ақ,  соңғы екі жылда, Тәжікстан Республикасы Сауда және кәсіпкерлік саласына 98 миллион доллар инвестиция салған.

Ә. Дүкембаева