Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жаңа маусымда «Сонар» детективті сериал жарыққа шығады

AstanaTV
28.07.2022ж. 20:00
1132
Жаңа маусымда «Сонар» детективті сериал жарыққа шығады

«Астана» арнасы жаңа маусымда көрермендерді жаңа сериалмен қуантады. Детектив жанрындағы «Сонар» атты туынды  жарыққа шықпақ. 10 сериалды картинаның әр бөлімі жеке-жеке оқиғаны қамтиды.   

Еркебұлан БЕДЕЛХАНҰЛЫ, ИДЕЯ АВТОРЫ, СЦЕНАРИСТ:
 
Негізі көрерменнің көңілін табу өте қиын. Өйткені әр адам әрқалай ғой. Бірақ оқиғамен біз көрерменді қызықтырамыз деп қатты үміттенеміз. Мұнда детектив элементтер өте көп. Сериалдың ішіндегі бір кейіпкердің айтқан оқиғасы бастапқы кезде шынайы болуы мүмкін. Бірақ ары қарай сериалды көре бастаған кезде ол оқиғаның мүлде басқа нәрсе екені анықталады.
 
Идея авторының айтуынша, бұл  сериалдың шығуына қаңтар оқиғасы себеп  болған. Тәртіп сақшыларының қиындығы мен жауапкершілігі мол қызмет барысы баяндалады.  Басты кейіпкер Ақбатырдың рөлін каскадер Алмат Елегенов сомдайды.    

Алмат ЕЛЕГЕНОВ, БАСТЫ РӨЛДІ СОМДАУШЫ:

Мына рөлді сомдау қиындау болды. Өйткені 21-ші жылы басқаша характер  көрсету керек, 22-ші жылы басқа характермен. Есін жоғалтқан кезде басқа характер, есін жоғалтпай тұрған кезде басқа характер. Төбелес, погоня қызық болады деп ойлаймын.
 
Ал зұлым кейіпкердің рөлінде- актер Алмат Сақатов. Оның айтуынша, әр бөлім бөлек бір оқиға болғандықтан көрермен кез- келген сәтте қосылып, сериалды оңай түсінеді.
 
Алмат САҚАТОВ, АКТЕР:

Менің рөлім негізі жақсы адамның рөлі емес. Ойына келгенін жасайтын, ақша үшін адам өлтіретін, ақша үшін бәріне баратын. Сондықтан да оңай деп мен өтірік айтпаймын. Оңай емес. Қызық болу керек, өйткені бұл біздің өмірімізден алынған жайт, өмірімізден алынған оқиғалар.
 
Киноұжым картинаның көрермендер көңілінен шығатынына сенімді. Сериалдың көрсетілімі жаңа маусымға жоспарланған.

Еркебұлан БЕДЕЛХАНҰЛЫ, ИДЕЯ АВТОРЫ, СЦЕНАРИСТ:

«Астана» арнасында «Сонар» деген телехикаяны көріңіздер. Біздің Ақбатыр деген кейіпкермен бірге болыңыздар.

Ә. Лесбек