Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ауыл шаруашылығы министрлігі үш мегаполиске қосымша қант жіберу туралы шешім қабылдады

AstanaTV
29.07.2022ж. 20:00
1557
Ауыл шаруашылығы министрлігі  үш мегаполиске қосымша қант жіберу туралы шешім қабылдады

Тәжімұрат ӘЛЖАНОВ, ТІЛШІ:

Қант - қазір қат. Дүкен сөрелерінде жоқтың қасы. Барының бағасы қымбат.   Осыған байланысты тәттілердің де құны өскен. Дәмін келтіру үшін құрамына шекер қосылады емес пе? Оның үстіне тосап қайнататын мезгіл.  

Қант қат болған соң  тосап қайнатып жатқандар биыл аз.  Сондықтан жеміс-жидектің де саудасы  қызбай тұр.

БЛИЦ:

- Қант қолданамыз, бірақ қазіргі уақытта қымбат болып тұр. Оның үстіне жоқ.

- Дачовый малина. Халықтың, адамның өзіне де балаға да пайдалы. Сол үшін алып жатыр. Қантқа қарап жатқан жоқ.

- Қант қосып дайындалатын тосапқа арналған жеміс-жидектің ешқайсысын сатып алмайды. Сауда жоқ. Өткізу мүмкін емес.


Қанттың құны биыл екі есе өсті. Қазір оның  бір келісі 740 теңгеден сатылуда. Ал халық тәулігіне орташа есеппен   650 тонна құмшекер тұтынады.  Қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының мәліметінше, қазір барлық күш шағын бизнеске көмектесуге бағытталған. Елімізде 10 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орны банкрот болудың алдында тұр.

Вероника НҰРПЕЙІСОВА, ҚР ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Қанттың шамамен 60-70% мәзірге қосымша консервант ретінде қосылады. Тәтті тоқаш, кондитерлік өнімдердің барлығына қажет. Қарапайым, қамыр дұрыс көтерілу үшін де қант қосамыз. Құны 30-35 процентке өсіп жатса түсінуге болады. Індетке дейін әрі кетсе 35-40 процент шамасында болады. Қазір 60 пайызға өзгеріп отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі республикадағы үш мегаполиске қосымша қант жіберу туралы шешім қабылдады.  Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажеттілікті есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер   қантты беру алгоритмін әзірлемек.  

Т. Әлжанов