$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Қаңтар оқиғасына қатысты 717 адам сотталды

AstanaTV
01.08.2022ж. 20:00
1174
Қаңтар оқиғасына қатысты 717 адам сотталды

Қаңтар оқиғасына қатысты  717 адам сотталды.   Бұл туралы еліміздің бас прокуратурасы хабарлады. Оқиғаға қатысы бар деген 15 мың адамнан жауап алынып, 969 іс аяғына жеткен.  Ал мыңнан аса адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Нұрлыбек СӘБИТОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ АРНАЙЫ ПРОКУРОРЛАР ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, автокөліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздік жасауға көндірген және тонаулар жасаған. Жаппай тәртіпсіздікке ұйымдасқан қылмыстық топтар, діни ағымдардың мүшелері және бұрын сотты болған адамдардың қатысқаны арнайы прокурорлармен анықталды.

Сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде  780 қару ұрлау фактісі тіркелген.   Барлығы 4 мыңға жуық қару, оның ішінде  аңшылық дүкендерден 1 629 мылтық ұрланған.   Соның 2089 -ы әлі күнге дейін табылған жоқ.   Оны іздеу және қайтарып алу жұмыстары жалғасып жатыр – дейді жауаптылар.

Мұхтар ҚОЖАЕВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

860 қару тәркіленді. Оның ішінде 475 табельдік, 379 азаматтық қару бар. Қару-жарақ дүкенінен ұрланған 1282 азаматтық қару, 648 табельдік атыстық қару, 159 жарақат салатын газ және сигналдық тапаншалар. Оларды анықтау бойынша жұмыстар әлі күнге дейін жалғастырылып жатыр.

А. Задабек