$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
01.08.2022ж. 20:00
1438
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында 5 цистерна  АИ-92 маркалы бензинді Қырғыз Республикасына экспорттамақ болғандар ұсталды. Агенттіктің мәліметінше, құжаттарда бұл басқа өнім, яғни лак кетіретін еріткіш деп көрсетілген. Тәркіленген жанаржағармайдың  құны - шамамен 60 миллион теңге. Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанаржағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жыл басынан бері қаржылық мониторинг агенттігі 4 миллиард теңгеге жалпы көлемдегі 20 мың тонна  мұнай өнімдерін заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады.

Ә. Дүкембаева