$510.06 €566.32 ₽6.32
×

«95 бензині реттеуге жатпайды», - министр

AstanaTV
03.08.2022ж. 20:00
1203
«95 бензині реттеуге жатпайды», - министр

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, елімізде  жанар жағармай тапшылығы жоқ. Аи-92 маркалы бензиннің 15 мың тоннасы  мұнай базаларында , тағы 600 мың тоннасы жолда тұр дейді.

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Елде бензин тапшылығы жоқ. Бұл 95 бензиніне байланысты айтылған мәселе. Біз бағаны реттеу туралы жаңа бұйрық жобасын жарияладық. Баспасөзде алдын ала айтылған 95 бензині реттеуге жатпайды. Себебі оны көбіне қарапайым халық сатып алмайды. 92 бензині халықтық деп аталады.

Қазақстан дизель отыны үшін сараланған баға тарифін енгізеді. Бұл жанармайды шетелдіктерге қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Министрдің сөзінше, қазір ведомствода дизель отыны бағасын саралауды қарастыратын бұйрық жобасы әзірленіп жатыр. Бұл дизель отыны тапшылығына жол бермеу үшін қолға алынған. {Ал күзде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынының бағасы көтеріледі.

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Әр уақытта да ең бірінші кезекте көктемгі және күзгі жұмыстарға дизель отының белгілі көлемін бөліп отырдық. Мұның үстіне ресурс ұстаушылармен келіссөз жүргізу арқылы оның құнын төмен бағамен береміз. Себебі елімізде дизель отынына мемлекеттік субсидия жоқ. Биыл 1 тоннасы 212 мың теңгеден болды. Күзгі кезеңде тоннасын 222 мың теңгеден белгілегіміз келеді.

Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстанға күн сайын 4,5 мың  жүк көлігі кіреді. Оның 70%-ға жуығы- шетелдікі.

Т. Әлжанов