$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Павлодар мұнай зауыты заңсыз табыс тапқан ба?

AstanaTV
03.08.2022ж. 20:00
1129
Павлодар мұнай зауыты заңсыз табыс тапқан ба?

Павлодар мұнай зауытына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұған зауыттың шикі мұнайды өңдеу жұмысын қымбаттатқаны себеп болған.  Кәсіпорынның бұл әрекетіне қатысты тексеру жүргізген құзырлы органдар бірқатар былықтың бетін ашты.    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, зауыт 1 жыл бұрын 1 тонна шикізатты өңдеу құнын 19 мыңнан 23 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген. Салдарынан шикізатты өңдеуге апаратын кәсіпорындар зардап шеккен.  Бұл жағар-жанармай бағасының өсуіне де әсер еткен. Мұнай зауыты өңдеу бағасын қымбаттату арқылы 22 млрд теңгеден астам табыс тапқан.

Бейбіт МОЛДАБЕКОВ, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

25 шілдеде іс Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.  Қазір сот процесі жүріп жатыр. Егер сот мұнай зауытының кінәсін растаса, оған 28 млрд теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Ө. Қуанар