$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Оралда балаларға арналған спорт алаңдары тексеріліп жатыр

AstanaTV
03.08.2022ж. 20:00
1936
Оралда балаларға арналған спорт алаңдары тексеріліп жатыр

Оралдағы балаларға арналған спорт алаңдарының тең жартысы-иесіз. Ал қалғаны -«Орал» спорт клубына тиесілі. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жүргізген тексеру кезінде белгілі болды. Клуб өкілдері өздеріне қарасты 44 ойын алаңын күн сайын тексеріп, бақылай алмайтынын айтады. Осының кесірінен жаңа спорт алаңдарының өзі бірінен соң бірі істен шығып жатыр.
 
Есқабыл ЖАЛМҰРЗИЕВ, «ОРАЛ» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Адам жоқ болғанда сындырады, түнде сындырады. Оны қалай етеміз? Бізде ондай штат та жоқ қарайтын. Күзетші жоқ мұнда бізде. Қоршауын ремонттап едік осы июньде. Бір ай болған жоқ, қайтадан сындырып жатыр. Сондықтан бүгін мына бригадамыз келіп, демонтаж жасап жатырмыз. Басқа вариант жоқ, оны ауыстыратын қаражатымыз да жоқ. оны қайтадан жаңадан салу керек.

 
Ал жақында салынған мына алаңды әлі ешкім қабылдап алмаған. Бірақ іші толған бала. Егер солардың бірі жазатайым жарақат алса, кімнің жауап берері де белгісіз.
 
Ляна ТҰРСЫНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Бұл алаң - техникалық тұрғыдан жарамсыз. Жерге төсеген резеңке төсеніші де талапқа сай емес. Бәрі жыртылып, шеті сынып жатыр. Тіпті доп салатын кәрзеңке де жоқ. Осындай кемшілігі бар алаңды қалай қабылдап алады? Балалар жапа шекпеуі үшін осындай тексеруді енді үнемі ұйымдастырып тұрамыз.
 
Бір апта бұрын   спорт алаңдарының бірінде  бала қақпаның астында қалып, көз жұмды.  Дәл сол күні тағы екі ойын баласы абайсызда саусағынан айрылды. Қазір бұған қатысты  қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер анықталып жатыр.

Е. Карин