Тұрғындармен тұрақты кездесіп, Жол картасының орындалуын қадағалап, жүйедегі мәселелерді шешу – бұл Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты «АМАНАТ» партиясы депутаттық фракциясының алға қойған міндеті. Бүгінгі жиында осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, мақсаттар айқындалды. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі болып Азамат Айтхожин тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып қызмет атқарған.
Берік ЖӘКЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Депутаттық фракция мен қалалық филиал арасындағы байланыс тек жиналыстармен ғана шектеліп қоймау керек, сол үшін фракция жұмысын өз деңгейінде ұйымдастыруға баса назар аударылуда. Сондай-ақ , фракциядағы мәслихат депутаттарының қолданыстағы заңнамалардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіп отыру қажет. Біздің мақсатымыз - сайлауалды уәдеміз бен партияның алға қойған мақсаттарын абыройымен іске асыру.
К. Мерей