$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Әлеуметтік қызметкерлер кемтар жандардың жәрдемақысын құмар ойынға жұмсаған

AstanaTV
05.08.2022ж. 20:00
2566
Әлеуметтік қызметкерлер кемтар жандардың жәрдемақысын құмар ойынға жұмсаған

Қызылордада әлеуметтік қызметкерлер ақыл-есінде ауытқушылығы бар азаматтардың жәрдемақысын құмар ойынға жұмсаған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, олар 1 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнетақысын өздерінің есеп шоттарына аударып отырған. Қазір арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының 6 қызметкері 4 млн. теңгені алаяқтық жолмен қалтаға басты деп айыпталып отыр.

Әділжан СЫЗДЫҚОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Қызмет алушылардың жеке деректерін қолдану жолымен онлайн шот ашып, ұялы телефон арқылы арнайы шоттағы қаржыны банк карточкілеріне аударып отырған. Бүгінгі күнге облыстық прокуратураның аталған дерек ҚР 190-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қызылорда қаласының полиция басқармасына тапсырылды.

М. Тоқтасынқызы