Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / "Құзырлылар бағаны жиі бақылап тұрса, оң өзгеріс болады",-тұрғын

"Құзырлылар бағаны жиі бақылап тұрса, оң өзгеріс болады",-тұрғын

Базардағы баға бұғауға келмей, оралдықтарды опындырып отыр. Тұрғындардың айтуынша, әсіресе жеміс-жидек пен көкөніс бағасы шарықтаған. Бақша өнімдері арзандар емес. Сонымен қатар, қант, күнбағыс майы, макарон өнімдерінің бағасында өзгеріс бар.

Ақмарал ЖҰМАШЕВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тек қана мына қарттың, жолдасымның пенсиясына қарасақ жетпейді. Потому что комуслуга дорогие, проезің бар, тамақ вообще, тамақ, сосын тұрмыстық заттарға тек соған еле-еле жетеді.  

Алтын ЗАЙНУЛЛИНА, САТУШЫ:

Біз 10 пайыз береміз немесе 15 пайыз береміз, бағаға қараймыз ғой. Мысалы, мендегі пирожки, беляшиге тек 10 процент болады. 170-ке келеді, мен 200-ге сатамын беляши мен чебуректі.  

Аймақтағы бағаны бақылауға алу мақсатында «AMANAT» партиясының жанынан 14 мониторинг тобы құрылған. Облыс бойынша 47 рейд өткізген топ өкілдері азық-түлік дүкендері мен супермаркет сөрелеріндегі бағаны тексерген. Енді олар араға апта салып, осыған дейін тексерілген сауда орындарына қайта барып, баға айырмашылығын қайта салыстырады.  

Нұрғиса КАМАШЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің кәсіпкерлеріміздің қойған бағалары шекті мөлшерден асып кетіп жатыр. Сондықтан ескерту берілді, сатушылардың назарына алынған болатын. Бұл бағаны тұрақтандыру бойынша арнайы әкімшілік тарапынан қарайтын, тексеретін арнайы құзырлы органдар бар, сол органдарға жолданатын болады.

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан құрылған мобильді топ өкілдері де  апта сайын қаладағы ірі сауда орындарын тексеруде. Кейбір дүкендерде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сөреде көрінбей қалған жағдайлары кездескен. Оларға  тұрақтандыру қорымен бірлесе жұмыс атқаруға ұсыныс жасалды. Қарапайым халық мұндай шаралар тауар бағасының негізсіз өспеуін қамтамасыз етеді деп сенеді.

Ақмарал ЖАНДӘУЛЕТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мониторингтік топтардың аралауы бағаның тұрақтылығына септігі зор. Осы жақтан тұрақты алатындықтан мониторингтік топтарға жиі кездесіп қаламын.  


Мобильдік топ өкілдері де мұндай бақылаудың нәтижесі бар дейді. Айтуларынша, алғашқы рейдтік шаралармен салыстырғанда кейбір азық-түлік бағасының түсімі байқалады.

Мейрамбек ЕСЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 
Бұған дейін, аптасына 2 реттен үлкен-үлкен сауда орындарын аралап шығып отырмыз.  Содан бері бағаның түсімшілігін байқап отырмыз. Мысалға келсек, қант бағасына, нанға келгенде, халықтың көп тұтынатын тауарларында баға түсімшілік бар.  

К. Мерей