Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Үкімет нарықтық экономикамен өзін ақтауға тырысуда», - партия

AstanaTV
10.08.2022ж. 20:00
885
«Үкімет нарықтық экономикамен өзін ақтауға тырысуда», - партия

Инфляция, геосаяси жағдай, жаһандық тенденция. Тиісті министрліктер азық-түлік бағасының шарықтауына негізгі себеп осы дейді. Бірақ «АМАНАТ» партиясының өкілдері мұнымен келіспейді.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Аударма/ Әлемде бағаның өсіп жатқанын айтып жатырсыздар. Халықтың жалақысы бірдей өсуі керек. Баға өседі, кіріс өспегесін аштан өлеміз. Сол үшін отырсың ба? Себептерін айтсаң, әдіс-тәсілдерді айту керек, онымен қалай күресу керек, сол себепті үкіметте отырсың.

Кезектен тыс жиында экономика жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мүшелері тығырықтан шығудың жолдарын талқылады.  Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің құнын өсірмеу үшін әкімдіктер сауда нысандарына төмен пайызбен «айналым схемасы» арқылы несие беретінін түсіндірді.

Айдар ӘБІЛДАБЕКОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ САУДА КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жеңілдетілген несие алған сауда желілері белгілі бір тауар түрлерінің көлеміне бағаны шектеуге міндеттеледі. Бұл тауарды нарық бағасынан орта есеппен 15-20 пайызға төмен бағамен сатуы тиіс. Бүгінгі таңда әкімдіктер «айналым схемасы» аясында кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруге 86,4 млрд теңге бөлді.

Қанттың қымбаттауына оның нарықтағы тапшылығы себеп болған, алайда Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі азық-түлік қоры жеткілікті дейді.  

Бағлан БЕКБАУОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Республика бойынша талдау жүргізілді. Ақтөбе, Абай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері қант тапшылығын болдырмау үшін квота алушылармен және Азық-түлік корпорациясымен қант жеткізуге келісім-шарт жасауы қажет.


Әзірге партия өкілдері өңірлердегі бағаны белсенді түрде бақылауда. Бір аптада партия мүшелері 1700-ден астам сауда нысанын тексерді.  Алматы, Нұр-Сұлтан және кейбір облыстарда баға өскен. Мәселен, Маңғыстау облысында қырыққабат 2 есе, БҚО-да қарақұмық бағасы 40%-ға қымбаттаған.  «AMANAT» партиясы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік картасын енгізуді ұсынды. Бұл жақсы нәтиже көрсетеді дейді.  

Т. Әлжанов