$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» 400-ден астам партиялық бақылау бекетін ашады

AstanaTV
11.08.2022ж. 20:00
1469
«AMANAT» 400-ден астам партиялық бақылау бекетін ашады

Сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі бақылап отыру үшін «AMANAT» партиясы ел аумағында 400-ден астам партиялық бақылау бекетін ашады. Ең алдымен, проблемалық, әлеуметтік нысандар бақылауға алынады.

Жігер ҚАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бекеттер 114 білім беру нысанында ашылды. Оның көмегімен құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақтылы берілуін бақылауға болады.

Партиялық бекеттің бірі – Ақтөбе облысы, Есет батыр ауданында. Мұнда тұрғындар саны жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан мектептерде орын саны жетіспейді. Жаңа мектеп құрылысы 2017 жылы басталғанымен, әлі аяқталмаған.  Мердігерлер мұны пандемиямен,экономикалық дағдарыспен байланыстырады.   

Әсел САЛМАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Партия мүшелері осы мектептің құрылысы аяқталғанша, ішіне бала келіп орналасқанға шейін үнемі, жүйелі бақылауда ұстайтын болады. Және де ол ақпаратты өзіміздің партия жанындағы партияның бақылау комиссиясында қаралатын болады. Егер уақытында тапсырылмаған, тағы да басқа жағдай анықталған болса партиялық жазаларын алатын болады.

Қызылорда қаласы «Бәйтерек» шағын ауданындағы мектеп құрылысы кестеден бір жылға жуық уақытқа кешігуде. Бұған – қаржының мерзімінде бөлінбеуі себеп болған.

Жорабек НҰРЫМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Байтерек» мөлтек ауданында шамамен 4,5 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Бұлардың балдары бар. Қазір сол балдарды қалаға апарып оқытып жатыр. Осындай қиыншылықтарды тез арада шешу бойынша бақылау бекеті құрылды.

Партиялықтар Алматы қаласының Наурызбай ауданында салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылыс барысын да тексерді. Мердігер ұйым құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп сендірді.  

Кайрат БИСЕМБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы қала бойынша биыл 18 мектеп салынып жатыр. 13800 орынға. Оның бесеуі жаңа мектеп. Биыл бітуі керек. 5 мектепте жапсарлас құрылыс салынып жатыр. Содан кейін 2 мектепке 2 нысан сатып алу мәселесі жүріп жатыр. Сонымен қатар 6 мектепте бизнес өкілдерінің жеке қаржысына салынып жатыр.  

Партиялық бақылау бекеттерінде жауапты тұлғаның байланыс нөмерлері жазылған тақтайша орнатылған. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін құрамына мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдері, блогерлер, «AMANAT» партиясы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенді мүшелері енгізілген.

Т. Әлжанов