$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе Медицина университетінің түлектері резидентура талаптарымен келіспейді

AstanaTV
15.08.2022ж. 20:00
1434
Ақтөбе Медицина университетінің түлектері резидентура талаптарымен келіспейді

Ақтөбе Медицина университетінің түлектері резидентураға қабылдаудың жаңа талаптарына қарсы. Өйткені биыл тест нәтижесінен бөлек еңбек өтілі бар дәрігерлерге қосымша балл қосылатын болған. Сондықтан   интерн-түлектер мемлекеттік гранттан қағыламыз ба деп алаңдайды. Резидентураға түсуге биыл  бес жүз адам  ниет білдірген.  Бөлінгені -100 орын, байқау талабы жоғары.  Биыл университет басшылығы еңбек өтілі бар дәрігерлерге  әр жылына  6-7 баллдан қосуды енгізген. Ал енді ғана оқу бітірген жастар мұнымен келіспейді.  

Әсем УВАЙСОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Тестен жоғары нәтиже көрсетсек те, қортынды баллымыз 91-ден, 92-ден жоғары болсақ та грантқа, государственный мемлекеттік грантқа өтпей тұрмыз. Ешқандай еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанда да, Алматыда да медициналық университеттерде ондай жоқ.

Арнайы комиссия мүшелерінің айтуынша, әр оқу орны басшылығы грант талаптарын өзгертуге құқылы көрінеді. Сондықтан өңірдегі кадр тапшылығын жою мақсатында биыл еңбек өтілі бар дәрігерлерге басымдылық берілгенін айтады. Ал университетті енді бітірген түлектері шалғай ауылдарға барып   тәжірибе жинауына болады дейді. Сынақ  нәтижесі жақын күндері жарияланбақ.  

Роза НҰРҒАЛИЕВА, М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:
 
Мемлекеттік грант бойынша 7 жыл оқыған түлектеріміз интернатурадан кейін 3 жыл еңбек етуі керек. Квотамен оқығандар ауылда жұмыс істеуге міндетті. Бірақ ешқайсысының аудандық ауруханада жұмыс істегесі жоқ. Бізде қазір елу де елу болып тұр. Мәселен  Акушер гинекологияға еңбек өтілі бар адам да, еңбек өтілі жоқ адам да өтеді.

Б. Рақметова