«Балалар жылы» аясында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық –демографияық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия республикалық байқау жариялады. Отандық авторларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Жас өрен» сайысы еліміздің барлық аумағында екі номинация бойынша өтеді. Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, еркін тақырыптағы балалар әні және балалар поэзиясына арналған туындымен бақ сынауға мүмкіндік бар. Бас жүлде -1 млн теңге. Өскелең ұрпаққа өнер арқылы өнеге көрсетуді көздейтін байқау қорытындысы 25 қазанда шығады.
Қ. Мерей