Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

ШҚО-дағы Жарма ауылдық округі мал қорымдарын бекемдеуге 3,5 млн теңге бөлініп отыр

AstanaTV
14.07.2016ж. 20:00
3480
ШҚО-дағы Жарма ауылдық округі мал қорымдарын бекемдеуге 3,5 млн теңге бөлініп отыр

Шығыс өңіріндегі мал қорымдарын бекемдеу үшін 3 жарым миллион теңге бөлінетін болды. Қазір аймақта 275 мал көметін орын бар. Оның барлығы қоршалған, жабық. Бірақ үй жануары қауіпті маңға кіріп, індетті сол жерден жұқтыруы мүмкін деген болжам бар. Өңірдің ветеринарлары осылай деп отыр. Мамандар қазір аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп отыр.

Тілек Бапинов, ШҚО ветеринария басқармасының басшысы:

220 ірі қара, 800 ұсақ мал және 100 бас жылқыға екпе салынды. Эпидемиология жасақтары дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Мал қорымдарын бекемдеу мақсатында Жарма округінің әкімдігі үш жарым миллион теңге бөліп отыр. Аумақтық инспекцияның ұсынысы бойынша қазіргі кезде елді мекенге жарияланған карантин алынып тасталды.

Еске салайық,  17 маусымда  аймақтағы «Айғай Кезең» ауылының қос тұрғыны ветеринарлардың рұқсатынсыз ірі қара мал сойған болатын. Кейін кент тұрғындарынан сібір жарасы індетінің белгілері байқалып, дереу ауруханаға жатқызылды. Елді мекенде карантин жарияланды. Науқастармен араласқан отыз шақты адам да дәрігерлердің бақылауына алынды. Дереу ауылдағы жануарларға қайтадан екпе жүргізілді. Бүгінгі күні науқастар емделіп, үйлеріне жіберілген.

Заңғар САНАЙ