Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде 90 млн теңге жымқырды деп айыпталған әкімнің бұрынғы орынбасары ақталды

AstanaTV
16.08.2022ж. 20:00
1724
Ақтөбеде 90 млн теңге жымқырды деп айыпталған әкімнің бұрынғы орынбасары ақталды

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болған Жангелді Әубәкіров сотта ақталып шықты. Шенеунік пен тағы төрт айыпталушыға қатысты шулы қылмыстық іс екі жылға созылды. Әкімнің бұрынғы орынбасары 2020 жылдың сәуір айында қамауға алынып, оған қомақты қаражатты жымқырды деген айып тағылған болатын. Еске салайық,  90 миллион теңге көлеміндегі қазына қаражаты жаңа жылдық шыршаны безендіруге бөлінген. Бірақ бұл қаржыға шенеунік қымбат шетелдік көлік мініп, қалған ақшаны сыбайластарымен  қолды қылды деп айыпталды. Бұл іс бойынша қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Досов, екі бірдей мердігер мекеме басшысы да қамауға алынды. Жаз айында сот үкімімен екі шенеунік 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін дәлелдердің жеткіліксіздігін алға тартып жоғарғы сот қылмыстық істі қайта қарауға жіберді. Арада бір жылдан астам уақыт өткенде Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ақтау үкімін шығарды.

Гүлжанар ОТАРБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен Аубакиров, Досов, Дуйсенби, Жанасбаев және Мустафинге қатысты жеткілікті дәлелдемелер ұсынбағандықтан, сот сотталушыларды кінәсіз деп танып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуының дәлелденбегені үшін ақтады.

Б. Рақметова