Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда қорлық көрген қыз 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен

AstanaTV
16.08.2022ж. 20:00
1834
Павлодарда қорлық көрген қыз 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен

Павлодарда 16 жастағы бойжеткенге 3 жігіт зорлық көрсеткен. Бұнымен қоймай олар бұл әрекетін видеоға түсіріпті. Бұл  қорлыққа шыдамаған қыз 10 қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Абырой болғанда, ол ағашқа ілініп қалып, аман қалды. Қыздың әпкесі  күдіктілердің қатаң жазалануын талап етеді. Ал  зәбір көрген қыздың ата-анасы жоқ. Жетімдер үйінде өскен.   

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:


Жан түршігерлік оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған. Зардап шегушінің әпкесі қазір әділдік іздеп жүр.   

Дарья Самохвалованың айтуынша, жігіттер оны әпкесінің үйіне баратын такси тауып береміз - деп алдап пәтерге апарған. Сол жерде арам ойларын жүзеге асырған дейді.

Дарья САМОХВАЛОВА, ЗАРДАП ШЕГУШІНІҢ ӘПКЕСІ:

 
Үш жігіттің біреуі бөлмеге кіргізіп алып, оған тисе бастаған. Қарсыласқан кезде сіңілімді екі рет ұрған. Мені қаламай тұрсаң, ана жігіттерді шақырам деп қорқытқан. Ол басында айқалаған. Кейін қорыққанынан үнін шығармаса керек. Олар кезек-кезек зорлапты. Ал жігіттердің біреуі бұл әрекеттерін видеоға түсірген. Бұны білген ол 10 қабаттың терезесінен секіріп кетіпті.


Абырой болғанда, қыз  ағашқа ілініп, аман қалыпты. Алайда, түрлі дене жарақатын алған. Қазір ауруханада жатыр.

Ерлан РАМАЗАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:
 
Бізге түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Бел омыртқасына зақым келген. Іш құрлысында да жарақаттар бар. Қазір жағдайы орташа ауыр. Ұзақ уақыт емделу керек. Аяқтан тұрып кету, кетпеуін қазір айту қиын. Ем-дом қабылдап жатыр.

Полиция  қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеу процесі жүріп жатқанын хабарлады.

Рашад ӨТЕУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120, 121, 105 баптар бойынша сотқа дейінгі терегу басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қам алды. Бірнеше сараптама жұмыстары жүргізілді. Бұл іс полиция департаменті бастығының ерекше бақылауына алынды.


Зардап шегушінің әпкесі кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп алаңдайды.  Кәмелет жасқа толмаған қыз баланы туған күнге жіберген жетімдер үйінің басшылығы да жауапкершілікке тартылсын деген талап қойып отыр.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:
 
Ал қорлық көрген сіңлісі бұл оқиғадан кейін есін жоғалтып алған көрінеді.  Жалғыз бауырын өзінің қамқорлығына алу үшін құзырлы органдардан көмек сұрайды.

Ө. Қуанар