Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Елордада бос орындар жәрмеңкесінде 1300-ден астам жұмыс орны ұсынылды

AstanaTV
16.08.2022ж. 20:00
1161
Елордада бос орындар жәрмеңкесінде 1300-ден астам жұмыс орны ұсынылды

Елордада  1300-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.  Жәрмеңкеде пробация есебінде тұрған және сотты болған азаматтарға да 200-ге жуық орын қарастырылған. Толығырақ алдағы сюжетте.
 
Елордада  жұмыс іздеп жүргендер үшін таптырмас мүмкіндік туды. Бүгін жұмыс берушілердің барлығы бір орынға топтасып, тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Келіп-кетуші  өте көп болды.  

БЛИЦ:

- Мен үшін жалақы маңызды, сондықтан команда жақсы болды – жақсы, қалыпты жұмыс.

- Сізге көбірек ұнайтын жерде мен сол жерге барамын. Мысалы, қалалық сотқа қызметкерлер қажет. Жалақы лайықты сияқты.

Жұмыс беруші ұйымдар үшін жәрменке өте ыңғайлы формат. Жиында ірі сауда желілері, зауыттар мен банктер 50-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Көптеген ұйымдарға желілік қызметкерлер қажет. Білім деңгейі мен жұмыс тәжірибесі маңызды емес. Басты талап- еңбекқорлық, адалдық.    

Арман ТАШТИЕВА, КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАН:

Негізінен бізге жұмыс тәжірибесі жоқ студенттер қажет. Біз оларды оқытамыз.

Элеонора МОЛДАҒАЛИЕВА, САУДА ЖЕЛІСІНІҢ РЕКРУТЕРІ:

Бізде Астана қаласы бойынша 72 филиал бар. Бізді жаңа ашылулар күтіп тұр, сондықтан бізге әрқашан жұмыс істегісі келетін кандидаттар қажет.

Бос орындар жәрмеңкесінде әркімнің армандаған жұмысын табуға мүмкіндігі бар. Мейлі ол студент болсын, тіпті тәжірибелі маман болсын , қай қайсысына да сұраныс бар.

Б. Сатуов