$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында қоғамдық кеңес отырысы өтті

AstanaTV
14.07.2016ж. 20:00
2817
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында қоғамдық кеңес отырысы өтті

«Кәсіпкерлерге кепілдік мәселесі кедергі болмау керек». Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес отырысы осы тақырыпта өрбіді. Аграрлы облыстың басым бағыты - шағын және орта бизнес. Бүгінде бұл сала бойынша 127 мың адам жұмыспен қамтылған. Қазірдің өзінде аймақта 59 мыңнан аса кәсіп иесі бар. Оның 16 мыңға жуығы - шаруа қожалығы. Олар мемлекеттен 17-19 пайызбен несие алады. Алайда, ол қаржыға қол жеткізу үшін, екінші деңгейлі банктерге кәсіпкерлер кепілдік қою керек. Мамандар, көбінісе олардың кепілзаттары сәйкес келмеу проблемасы көп кездеседі, дейді.

Дархан Назарбеков, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының  бөлім басшысы:

Ауылдық жерлерде көбінесе кепілдікке тұрып жатқан үйлерін ұсынады. Бұл тұста үлкен проблема боп жатқаны: ауылдық жерлердегі көп үйлер сазбалшық кірпіштен жасалған. Бұны 2-ші деңгейлі банктердің көбісі қабылдамайды. Санаулы банктер: «БанкЦентрКредит», «Халық Банк» 30 жылға дейінгі самманнан салынған үйлерді қарастырады. Қалған банктер мүлдем қарамайды да.

Кәсіпкерлерді қолдаудағы ең үлкен бағдарлама - «Бизнестің Жол картасы 2020». Жоба қолға алынғалы бері аймақта 62,7 млрд теңгені құрайтын 621 жоба қаржыландырылған. Ал, мемлекетке 10 млрд теңгеден астам салық түскен. Бұл ретте «Даму» қорының орны ерекше. Өйткені ауыл шаруашылығы мен аграрлы бизнесте аталмыш қор мемлекетке зор пайда келтіріп отырғандарын айтады.

Азамат Асқаров, «Даму» қоры АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры:

Мемлекет тарапынан бөлінетін ақша 2-ші деңгейлі банктерге жебіріледі. Екінші деңгейлі банктер біздің бағдарлама арқылы ақшаны таратуға тиісті. Бізде бұл жерде қандай пайда? Көбісі сұрайды «Даму» қорының қандай пайдасы деп? Бірінші мақсат - ол жаңа жұмыс орындарын ашу. Кәсіпкерлер тарапынан төленетін салықтарды көбейту. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ