2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына
қатысқан алты қазақстандық спортшының қайта тапсырған А допинг-сынамасы оң
нәтиже берді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында
жарияланды.
Енді Халықаралық Олимпиада комитеті мен Бүкіләлемдік
антидопинг агенттігі «В» сынамасын тексеру процесін жүргізеді. Бұл шара 18-26
шілдеде Швейцарияның Лозанна қаласында қазақстандық тараптың қатысуымен
өтеді. Қосымша тексеру нәтижелері белгілі болмайынша, әңгіменің нақты қай
спортшылар жайында екендігі жарияланбай отыр.