$513 €541.16 ₽4.69
×

Рио олимпиадасына баратын спортшыларымыздың ішіп-жемі диетолог дәрігерлердің қатаң бақылауында болады

AstanaTV
14.07.2016ж. 20:00
1739
Рио олимпиадасына баратын спортшыларымыздың ішіп-жемі диетолог дәрігерлердің қатаң бақылауында болады

Енді Рио-де Жанейро олимпиадасына баратын спортшыларымыздың ішіп-жемі диетолог дәрігерлердің қатаң бақылауында болады. Бұл туралы біздің арнамызға ШҚО спорт басқармасының басшысы Елдос Шикенов мәлімдеді. Оның сөзінше, спортшыларымыздың асына біреудің қасақана тыйым салынған препарат қосуына мүмкіндігі болмайды.

Елдос Шикенов,  ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі:

Менің білуімше, құрамамен бірге дәрігерлер мен диетологтардың мықты штабы бірге аттанады. Спортшылардың асын әр дәрігер жіті қарайды. Әлемге әйгілі небір жаттықтырушылар да допинг қолданғаны үшін түрмеде отыр. Бұл үлкен бәсеке.

Шығыс Қазақстаннан байрақты бәсекеге барлығы 6 спортшы жолдама алды. Оның ішінде жеңіл атлетшілер Ольга Рыпакова, Ирина Михина, Екатерина Смирнова және зілтемірші Денис Ұланов бар. Жақын күндері олимпиадалық комитет диск лақтырушы Евгений Лабуковқа қатысты шешім шығармақ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ