Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Талғарда жас ананы көлік қағып кетті

AstanaTV
18.08.2022ж. 20:00
1257
Талғарда жас ананы көлік қағып кетті

Алматы облысы,Талғар ауданында жас ананы көлік қағып кетті. Абырой болғанда, әйел аман қалды. Қазір ауруханада. Ауыл тұрғындары жаяу жүргінші жолын жарықпен қамтамасыз етсін деп билікке талап қойып отыр. Себебі, дәл осы жерде жол апаты жиі болатын көрінеді.

Көп жылдан бері Теренқара ауылының тұрғындары  тас жолдан жандарын шүберекке түйіп өтеді.  «Балаларымызды мектепке жіберуге де қорқамыз»,- дейді олар. Кеше  ауылда бір емес, екі жол көлік апаты болған. Соның бірінде жас ана зардап шегіп, ауруханаға түскен.

Мира МАЙМАРОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Сол жерде постоянно ДТП болады. Смертельный былтыр болды, в этом году екі-үшеуі болды. Енді білмеймін тағы да қандай адам шығыны керек біздің үкіметке. Школьный автобустардың бәрі сол жерге тоқтайды в основном.

Теренқаралықтар билік өкілдеріне қанша жүгінсе де, еш нәтиже көріп жатқанымыз жоқ деп наразы.  
 
Жамбыл РЫСМАМБЕТОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Пешеход жасаймыз деген, освещение жасалады деген. 3 жыл өтті. Енді келіп адамдарымызды қағып жатыр біздің. Кеше осы жерде адам қақты көзімізше. Екі әкім келді. Ол кісілер «біздің қолдан ештеңе келмейді»,- деді.

Жергілікті билік өкілдері "бұл жол -облыстық маңызға ие, сондықтан ол мәселені біз шеше алмаймыз" дейді. 

Нұрболат МАНАПБАЕВ, ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиісті хат жолдаған едік. Біз өз қаражатымызға бұл жолды жарықтандыра алмаймыз. Бұл мәселе қаражатқа кеп тіреледі. Сонымен қатар, көлік жүргізушілерінен де кінә бар. Қатты жылдамдықпен жүреді.


Округ әкімі қыркүйек айына дейін жол белгілерін бояп, алдағы уақытта қолдан келер шараларды орындауға тырысамыз деп сендірді.

М. Жақан