Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"1 млн теңге берсең, грантқа түсірем",-Түркістан облысында алаяқ ұсталды

AstanaTV
18.08.2022ж. 20:00
1255
"1 млн теңге берсең, грантқа түсірем",-Түркістан облысында алаяқ ұсталды

1 миллион берсең грантқа түсірем. Түркістан облысында әйелді танысы осылай деп алдап кетті. Алаяқтың құрбаны болған әйел полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, әйел қызын жоғары оқу орынына грантқа түсірем деп алдаған. Алайда ақшаны берген соң ізін суытыпты. Полицейлер кешенді іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде  күдіктіні анықтаған. Ол -еш жерде жұмыс істемейтін Алматы тұрғыны болып шықты.  

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:


Аталған факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Күдікті Шардара ауданына демалысқа келген. Алаяқтық жолмен алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Б. Сатуов