Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қатысты дау шықты

AstanaTV
19.08.2022ж. 20:00
1975
Алматыда көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қатысты дау шықты

Алматыда көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қатысты дау шықты. Әуезов ауданының тұрғындары үйлердің бір-біріне тығыз салынып жатқанына қарсы. Онсыз да есік алдында айналатын жер жоқ. Қат-қабат бой көтерген ғимараттар тІпті дем алуға да кедергі келтіреді дейді олар.

«Егер үйімізге қарама-қарсы жатқан бос жерге тұрғын үй салынатын болса, жүріп-тұруымыз одан әрі қиындап кетеді,- дейді Ақсай шағын ауданының тұрғындары. Айтуларынша, мұнда осыған дейін теннистық корт және көлік тұрағы болған. Ал енді бұл жерге тұрғын үй салынбақшы дейді.

Дания БАЛМҰХАНБЕТОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына жерде строитетельство жүрейін деп жатыр. Биік этажды үй саламыз деп жатыр. Біз қарсымыз. Өйткені мына жер тар. Итпенен қыдырады адамдар, екіқабат әйелдер жүреді, демалады. Енді мынау высотный үй салатын болса, білмеймін не болатынын.

Тұрғындар мұнда үй емес, демалатын саябақ, спорт кешенін салуды жөн көреді. Себебі, маңайда балалар алаңқайы аз. «Ауладағы жолымыз да тар»,- дейді олар.

Сергей БАЛУКОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Артымызда 9 қабатты үйлер тұр. Мына жақта мектеп, келесі жақта балабақша орналасқан. Онсыз да тар. Оқу жылында балалар әрі – бері жүреді. Көлік те көп. Дәл осы жерге жаңа тұрғын үй салынатынын естідік. Бұл мүлдем ақылға қонбайтын іс.

Аталған жер теліміне көппәтерлі тұрғын үйлер салынатынын қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы растады. Ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес 12 қабатқа дейін тұрғын үй құрылысы қарастырылған.

Бекнар БЕРІКҰЛЫ, ӘУЕЗОВ АУДАНДЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ АУМАҚТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Біздің рұқсаттама құжаттары негіздемесі – ол бас жоспар және егжей-тегжейлі жоспар боп сәйкес келеді. Ол жерде, сұратылып отырған мекен-жай бойынша көпқабатты тұрғын үйлер қарастырылған. Жер учаскесі жеке меншік, жеке тұлға атында. Көпқабатты тұрғын үйдің эскиздік жобасы қазіргі таңда келісілмеген.

Мамандар тұрғындардың наразылығы міндетті түрде ескерілетінін айтты. Заңға сәйкес, құрылысқа жақын маңдағы тұрғындардың назарына құрылыс жүргізуші жобаны ұсынып, қоғамдық талқылаулар өткізуге міндетті дейді.

М. Жақан