Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мүлікті бөлісе алмаған кәсіпкер серіктесін атып тастады

AstanaTV
23.08.2022ж. 20:00
1326
Мүлікті бөлісе алмаған кәсіпкер серіктесін атып тастады

Ұлытау облысына қарасты Жезқазған қаласында мүлік дауының кесірінен кәсіпкер, бұрынғы серіктесін атып тастады. Бұл туралы облыстық полиция хабарлады. 54 жастағы қала тұрғынның денесін тапқан, криминалдық полиция, жедел іздестіру барысында 60 жастағы азаматты ұстады. Жәбірленуші оның бұрынғы бизнес серіктесі болып шықты. Бизнесті жапқан соң, өзара дүние- мүлікті бөлісе алмай бірнеше жыл дауласып жүрген. Арадағы дау соңы қылмысқа ұласты. Серіктесінің аулада жүргенін көріп қалып, аңшы мылтығымен атып тастаған.

Аңсаған ТӨЛЕПБЕРГЕН, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факт бойынша Жезқазған қаласының полиция басқармасымен ҚР ҚК – нің 99 бабы, 1- інші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

А. Қуаш