Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодар облысында жалғызбасты әке балаларымен далада қалды

AstanaTV
24.08.2022ж. 20:00
1126
Павлодар облысында жалғызбасты әке балаларымен далада қалды

Павлодар облысында жалғызбасты әке 5 баласымен далада қалды. Үйі осыдан 8 ай бұрын жанып кеткен. Содан бері ағайын-туысын жағалаған Бекболат Баязитов ауылдан қалаға көшіп келген. Бірақ, мұнда да пәтер жағалаған ол кешеден бері барар жер таппай жүр.

Бекболат Баязитов - 5 баланың әкесі. Әйелі 4 жыл бұрын қайтыс болған. Содан бері балаларын бір өзі асырап жүр. Былтыр оған Ақтоғай ауданының әкімдігі үй беріпті. Алайда, қыс ішінде баспанасынан өрт шығып, күлге айналған.

Бекболат БАЯЗИТОВ, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ӘКЕ:

Январьдың 26-сы күні балалар сабақта болды. Мен өзім тоғайға ағашқа кеткем. Звандайды үйіңіз жанып кетті деп. Келсем үй польностю өртеніп кетіпті. Ішінде түк жоқ.

ӘУЕСҚОЙ ТҮСІРІЛІМ:

Содан бері жалғызбасты әке балаларымен бірге ағайын-туысын паналап күн көрген. Қалаға келіп, жұмыс істеп жүр. Алайда тапқан таянғаны азық-түлік пен балаларының киімінен аспайтынын айтады. Күні кеше оны жалға алған пәтерінен де шығарып жіберіпті. Көпбалалы әке қайда барарын білмей дал.

Бекболат БАЯЗИТОВ, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ӘКЕ:

Балаларыма бір баспана болса, содан басқа ештеңе керек жоқ. Сол бір баспанам болса, әрі қарай бірдеңе қылам. Келіншегім қайтқалы жалғыз өзім осыларды көтеріп келем. Одан басқа ештеңе керек жоқ.

Аудан атқамінерлері жалғызбасты әкенің тағдырынан хабардар. Қолдан келгенше, көмек жасағандарын айтты.

Бибігүл ОСПАНОВА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өрттен кейін демеушілік қаражат есебінен үйді жөндеу жұмыстары жасалды. Бүгінгі күнде осы үй тұруға дайын. Баязитов Бекболатқа ұсыныс бердік үйге кіруге болады деген. Бірақ, ол кісі аудандық тұрғын комиссиясына арыз жазып, ол үйде тұрмаймын деп бастартты.

Балаларының үлкені студент. Кішісі биыл бірінші сыныпқа бармақ. Алайда, дәл қазір Бекболат үшін оқудан бұрын баспана бас қайғы болып тұр. Сондықтан, жалғызбасты әке қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Ө. Қуанар