Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда

AstanaTV
24.08.2022ж. 20:00
1058
Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда

Құрылыс жұмыстары тоқтаған, ауыз су тапшы, тұрақты жалақы жоқ. Мәжіліс депутаттарымен кездескен аймақтағы ағайындар осындай уәж айтты. Кездесу барысында «AMANAT» партиясының мүшелері халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, түйіткілді мәселелердің түйінін шешуге тырысамыз - деді. Тұрғындардың тағы қандай тілегі бар?

Маңғыстау облысында құрылыс жұмыстарының 80 проценті тоқтап тұр. Оған құрылыс материалдарының қымбаттағаны әсер еткен.

Самат МҰСАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Барлық материалдың қымбаттау әсері болып тұрған жағдайда ол корректировкаға кету керек. Бірнеше құрылыс компаниясы жиналды. Бұл жерде енді жобалық-сметалық құжат проектовщиктер жиналды. Экспорттық организациялар жиналды. Барлығы да бір сөзден осы мәселені талқылап, көмек сұрап отыр. Біраз жерде құрылыс жұмысы тоқтап тұр енді. Оның ішінде біздің Маңғыстау облысында 80 пайызға.

Ал, Жезқазғанға арнайы барған мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, жергілікті тігін цехындағы жұмысшылармен кездесті. Қазір бұл өндіріс нысанында 300-ден аса адам үш ауысым бойынша жұмыс істейді. Олар депутатқа жалақы тұрақталса екен деген өтініштерін білдірді.

Жамбыл облысына барған мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ Байзақ ауданындағы ауыз су құбырын тарту жұмыстарымен танысты. Ауданға қарасты 7 елді мекен әлі күнге дейін ауыз сумен қамтылмаған.

Нәзилә РАЗЗАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы ауданға қарасты 43 елді мекеннің 30-ы ауыз сумен қамтылған. Ал қалған ауылдар бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес нақты жұмыстар қолға алынған. Сонымен қатар өткен сессияда атқарылған заңнамалық жұмыстарды азаматтарға жеткіздім. Әсіресе Президентіміздің тапсырмаларын орындауға бағытталған заңдар туралы жан жақты айтылды. Облыс тұрғындары барлық бастамаларға қолдау білдіріп отыр.

Атырау облысында жылдарға созылған "Атырау-Индер" тас жолының құрылысы болса әлі бітер емес. Биыл бұл мақсатқа 12 миллиард теңге бөлініпті. Мердігерлер жол құрылысы толықтай келесі жылы аяқталатынын айтты. Ал аймақты алаңдатқан Атырау-Астрахань тас жолының мәселесі әлі шешілер емес.

Нұрлыбек ОЖАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Атырау – Астрахань жобасы бойынша қажеттілігі 24 мың вагон қиыршық тас керек болып отыр. Сол сияқты негізгі мәселердің бірі - «Ақтау битум» зауытынан шығатын битум тапшылығы, жетіспеушілігі. Кезекте тұр, қаражаттарын аударған. Бір көзге шүйіріліп, барлық компанияның күнделікті сұраныстарын қанағаттандыра алмай отыр. Қажеттіліктерін ала алмай отыр.Осы жерде өндіріс жылдағы әдет бойынша кешіктіру орын алып отырғанын бас айту керек.

Сондай-ақ жиында елді алаңдатқан аймақтың экологиясы мен "Жайық" өзенінің жайы да талқыланды.

А. Задабек