Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Лаңкестік шабуыл кезінде Ницца қаласында 4 қазақстандық болған

AstanaTV
15.07.2016ж. 20:00
3275
Лаңкестік шабуыл кезінде Ницца қаласында 4 қазақстандық болған

Лаңкестік шабуыл кезінде Ницца қаласында 4 қазақстандық болған. Абырой болғанда, жерлестеріміз ешқандай зардап шеккен жоқ. Қазір қазақстандық дипломаттардың қадағалауында. Францияға қыдырып барған отандастарымыз жантүршігерлік оқиғаны алаңға жақын маңдағы қонақ үйдің балконынан бақылаған. Соңғы мәліметтер бойынша, терактіден қаза болғандар саны 84 адамға жетті.

Париждіктер Эйфиль мұнарасының маңында 45 минуттық отшашуды тамашалап тұрғанда, Ниццадағы «Ағылшын» жағалауына жиналған дүйім жұрт сұмдық жағдайды бастан кешіп жатты. Жылдамдыққа басып жүйткіген жүк көлігі алаңдағы адамдарды аяусыз жайпап өтті. Кеше Франция мемлекеттік мереке Бастилия қамалы алынған күнді тойлап жатқан. Қанды қырғынды ДАИШ өз мойнына алды.

Франсуа Олланд, Франция президенті:

Бүкіл Францияға терроризм қаупі төніп тұр. Біз Сирия мен Ирактағы әрекеттерімізді күшейтеміз. Өз жерімізде өзімізге шабулы жасап жатқандаға біз де соққы жасаймыз.

Жүк көлігін басқарған жүргізушінің кім екені бірден анықталды. Ол 31 жастағы тегі тунистік Франция азаматы. Полиция оны атып тастағанша, 2 шақырымды жүріп өтіп, жолындағысын жаншып үлгерді. Кейін көліктен қару-жарақ пен оқ дәрілер табылды. Ішкі істер министрі Бернар Казнер 80-ннен астам адам қаза болғанын мәлімдеді.

Бернард Казнев, Франция сыртқы істер министрі:

Біз барлық күштерді аяғынын тік тұрғыздық. Психологтар, дәрігерлер, полиция бәрі жұмылып жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздік шараларын күшейтуді қолға алдық. Полиция күндіз-түні көшелерді қадағалайтын болады.

Жүк көлігінің доңғалағына жаншылып, ажал құшқандардың көбісі - балалар. Оған қоса 200-дей адам жараланған. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. Ал теракт кезінде Ниццада 4 отандасымыз болған.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:

Оларға тиісті қауіпсіздік шараларды сақтау бойынша нұсқаулар, ұсынымдар берілді. Қазір олар қауіпсіз жерде. 

Жантүршігерлік оқиғаны қонақүй балконын бақылаған алматылық Камила Ниццада 5 жылдан бері тұрады. Күні кеше Қазақстаннан анасы қыдырып барған. Абырой болғанда, отшашуды терассадан тамашалуды шешіп, алаңға шықпапты.

Камила Турабаева, куәгер:

Видели очень многих, людей которые бежали. Народ был в панике, очень страшно было, все в слезах. Люди были в крови, было очень много детей.

Елде үш айға террорлық қауіптің жоғары деңгейі жарияланды. Бір жыл ішінде Францияға екі бірдей ірі лаңкестік шабуыл жасалды. Былтыр қараша айында Парижде үш жерде қатарынан жарылыс болып, 128 адам ажал құшан еді. Ол жолы да жазықсыз жандарды қырып салған ДАИШ содырлары болатын. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ