Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақтөбеде төрт бірдей қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
26.08.2022ж. 20:00
1901
Ақтөбеде төрт бірдей қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сот үкімі шықты

Бүгін Ақтөбеде еліміздің 14 қаласынан 17 мыңға жуық халықты зар жылатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты. Төрт бірдей заңсыз ұйымға қатысы бар деген 48 адам түрлі мерзімге жазаға кесілді. Айыпталушылардың екеуі 18 жылға қалғандары 10 жылға дейінге мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Аты шулы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың үкімі бас –аяғы үш сағатқа созылды. Белсенді деген 48 адамның барлығы жаза арқалады. Ал қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір айыпталушыға тап осындай үкім оқылды.

Сейфулла ТАСЫМБЕТОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Есіркепов Жанболат қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Айыптының мүлкі тәркіленіп 10 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарға басшылық ету құқынан айырылсын.

Қаржы ұйымының қалған мүшелері түрлі мерзімге бас босандығынан айырылды. Он алты, он үш жылдан бастап ең төменгі мерзім жеті жыл. Алайда жаза арқалағандардың қорғаушылары, үкіммен келіспейді. Олар енді апелляциялық сотқа жүгінбек.

Нұрбибі ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚОРҒАУШЫ:

Заңсыз әрекетті іске асырған қазіргі кезде қашып жүрген іс бойынша анықталған адамдар . Бірақ олар жауапқа тартылып жатқан жоқ. Қашып кетіп оны сотқа дейіңгі тергеу кезінде таба алмады. Іздеу жарияланған. Осы кісілер қолынан шығарғысы келмеген ғой. Ешқандай құжат жоқ. Бұл бала директор болды деген. Негізі Шымкенттен ұйымдастырған адамдар ашылуына келіп қатысып, бұны отырғызып қойған.

Десе де жәбірленушілердің азаматтық шағымдарының тағдыры шешіле қойған жоқ. Ол келер аптаға қалды. Ал сотқа жер жерден келіп қатысқан, көптеген жәбірленушілер өз ақшаларын қайтарғысы келеді.

Жарқын АРЫНҒАЗИНА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Бес миллион жарым ақшалай салғанмын. 2020 жылы бірақ ештеңе алған жоқпын. Мен ақшамды алған жоқпын. Келісемін. Қайтарады деп үміттенемін. Неге десеңіз Алматының барлығы үміттеніп отыр. Күтіп отыр.

Еске сала кетейік, төрт бірдей қаржы пирамидасының қызметін тергеп-тексеру бір жылға созылды. Олардың кесірінен еліміздің 14 қаласынан 17 мыңнан астам зардап шеккен. Жалпы шығын көлемін 30 миллиард теңге.

Б. Рақметова