Президенттің кешегі Жолдауы жастарды жігерлендірді. «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы өткізген актив отырысында партиялықтар осылай деді. Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі әр балаға ақша бөлінеді. Қаржы балалардың арнаулы жинақтаушы есеп-шотына түсіп отырады. Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сомманы қайда жұмсайтынын өзі шешпек. Бұл Президенттің ұсынысы болатын.
Азамат АЙТҚОЖИН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Тарихта болмаған 24-ші жылдан бастап балаларға 18 жасына дейін қаражат бөлінеді деп 18 жасына дейін ол қаражат алынбайды ғой. Ол уже 18-ге келген кезінде, ертең оқуға түсетін кезінде өзінде, шотында ақша жатады. Ол өзі біледі, киім ала ма, жоқ немесе гранттан өтпей, оқуын төлей ма, жоқ басқа нәрсеге қаражат жібереді деп ойлаймын. Осыған мен қуанышты болып жатырмын.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы келес жылы 100 мың жасты жұмыспен қамтамыз етуді тапсырды. Ол өз сөзінде, жастарға жан-жақты қолдау көрсету - мемлекеттің басты міндетінің бірі деді.
Ләззат РАЗБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ, ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Президент тапсырмасы шықты. Бұл жерде Президенттің тапсырмасын дұрыс түсіну және де халыққа бүкпесіз, дұрыс жеткізе білу біздің, бүгінгі күні мәслихат депутаттарының басты мақсаттарының, жұмыстарының бірі.
А. Задабек