Қаржыдан қиындық болмаса, елордадағы LRT құрылысы екі жылдың ішінде бітуі керек. Мұны шаһар басшысы Алтай Көлгенов айтты. Құрылысты аяқтау үшін 577 млн доллар қажет деді. Әкім оның 20 млрд теңге - алғашқы траншы бөлініп қойғанын жеткізді. "Жыл соңына дейін ақшаның тағы бір бөлігі түседі деп күтіп отырмыз. Құрылысты қытай консорциумы жалғастырады, олар нысанды екі жылда тапсыруға уәде берді" - деді шаһар басшысы. Әкімдіктің болжамы бойынша, LRT-ны күтіп-ұстауға жыл сайын 4 млрд теңге керек. Жеңіл рельсті көлікте жүру ақысы автобус билетінен әлдеқайда қымбат болады.