$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент Сенат төрағасын қабылдады

AstanaTV
06.09.2022ж. 20:00
1203
Президент Сенат төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасын қабылдады. Мәулен Әшімбаев Президентке Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық барысын баяндады. Аталған жиынға 50-ге жуық елден делегация келмек. Олардың арасында көшбасшылар да бар. Сенат төрағасының айтуынша, шараға әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығы жоғары. Президент қазіргі жағдайда Съезд өткізудің маңызы жоғары екеніне тоқталды. Жаһандық диалог мәдениетін ілгерілету қажеттігін және Қазақстанның осы үдеріске қатысуы маңызды екенін атап өтті. Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі қыркүйектің 14 мен 15 күндері елордада өтеді.

Қ. Мерей