Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Гуманитарлық көмек әр өңірдегі «AMANAT» партиясының филиалдарында жалғасып жатыр

AstanaTV
06.09.2022ж. 20:00
1252
Гуманитарлық көмек әр өңірдегі «AMANAT» партиясының филиалдарында жалғасып жатыр

«AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек жинау әлі жалғасып жатыр. Мәселен, Өскемен қаласының тұрғындары тұрмыстық техникалар мен азық-түліктерді Қостанайға жөнелтуде. Олар бір күннің ішінде 32 тонна азық жинаған. Сондай-ақ, кәсіпорындар бір күндік жалақыларын өрттен зардап шеккен ауыл тұрғындарына аударған.

Жансая ҚАНЫБЕКОВА,"AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

"AMANAT" партиясының барлық филиалдарында, аумақтық, қалалық, облыстық орталықтарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері құрылды. Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге барынша көмек көрсетіп жатырмыз.   

Қазір партияның қоғамдық қабылдауында жедел желі жұмыс істейді. Өңір тұрғындары мен кәсіпорындар тек көмек беріп қана қоймай, қажетті заттардың тізімін жасауға көмектесуде.

Ералы СҰЛТАНҒАЗИН, ШЕМОНАИХА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз Шемонаиха ауданының тұрғындары Қостанай облысына гуманитарлық көмек көрсетудеміз. Онда апат болғанын естігенде абдырап қалдық. Үйлердің өртеніп, адамдардың зардап шеккені өте өкінішті. Біз 500 литр күнбағыс майын жөнелттік. Барлығымыз бірге осы қиын кезеңді жеңіп шығамыз деп ойлаймын.

А. Задабек