Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оралда қару қоймасы табылды

AstanaTV
08.09.2022ж. 20:00
2435
Оралда қару қоймасы табылды

Орал қаласының тұрғынынан қару-жарақ қоймасы табылды. Ол қала шетіндегі саяжайында сақтаған.

Арнайы тексеріс кезінде оның үйінен Калашников автоматы мен төрт тапанша және бір дорба патрон табылған. Суық қарудың арасында кісен, тіпті Ұлы Отан соғысы жылдары қолданылған атыс қаруы да бар. Олжа тәркіленіпті. Бірақ күдіктінің мұнша қаруды қайдан алғаны және не мақсатпен сақтағаны әзір белгісіз. Енді оның ісімен полиция айналысады.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қарудың барлық түрлері бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша дейінгі тергеу басталды.

Таразда да екі қап қару мен 300-ден астам түрлі оқ табылды. Суық қарулар құрылысы аяқталмаған ғимараттардың біріндегі қоймада сақталған. Құзырлылар арсеналды Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтардың орнын анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында анықтаған. Аталған шара жоғалған қарулардың тізімі толықпайыншы жалғаса бермек.

Б. Жұмабайұлы